Шымкенттік ұн өндірушілердің бағаны қолдан көтергені белгілі болды.
Бәсекелестікті қорғау және дамыту департаменті кәсіпкерлердің өзара сөз байласқанын әшкереледі. Тексеру қорытындысында бірінші сұрыптағы ұнның нарыққа бірнеше есе негізсіз қымбатқа сатылғаны дәлелденді. Сот шешімімен тауар өндірушілерге айыппұл салынып, жауапкершілікке тартылды. Заңсыз табыстары мемлекет пайдасына өндірілді.