What are you looking for?

«Oyu fest-2025»: 15 мың көрермен тамашалады

03.07.2025

Биыл Астанада өткен «OYU Fest» музыкалық фестивалін 15 мың көрермен тамашалады. Бұл — өткен жылмен салыстырғанда рекордық көрсеткіш. Гольф клубының аумағында ине шаншар орын болмай, қонақтар әрең сыйды. Би алаңын да жастар бос қалдырмады. Kaspi.kz музыкалық фестивальге үшінші жыл қатарынан бас серіктесі болып отыр.

Елордалықтар фестивальге уақытынан бұрын жиналды. Себебі музыкалық шара басталғанша түрлі форматтағы интелектуалдық ойындар, отбасылық жарыстар ұйымдастырылды. Бас серіктес Kaspi.kz қолдауымен түсте басталған кеш түнге дейін жалғасты. Ашық аспан астындағы сахнаға жастар арасында танымал әншілер жанды дауыста ән шырқады.

Дамир, көрермен:

Kaspi-ге мың да бір рахмет. Қазір көп халық қолданады. Осындай үлкен фестиваль жасап жатқанына көп-көп рахметімізді айтамыз kaspi.kz ұжымына.

Фестивальді DIRTY CTRL тобы ашты. Олар қанша қобалжыса да, өздеріне жүктелген міндетті жоғары деңгейде атқарып шықты.

DIRTY CTRL тобы:

Қазір OYU фестивалін ашып жатырмыз. OYU-дың жасап жатқан жұмысы өте маңызды. Kaspi серіктес болғанына қуандық. Kaspi — біздің Қазақстанда ең бірінші орында, өте қуаныштымыз.

Әнші ASIYA бұл фестивальге ерекше дайындалғанын айтты. Ол актёрлік шеберлік, би, вокал сабақтарына, тіпті сенімді болу үшін психологқа да барыпты.

Asiya, әнші:

Kaspi мен OYU-дың арқасында жас әртістерге жол, мүмкіндік ашылып жатыр. Менің ойымша, бұл өте маңызды. Жалпы, біздің мемлекетіміз үшін де өте маңызды деп ойлаймын.

Фестивальдің хедлайнерлері — Ирина Қайратовна тобы мен Қайрат Нұртас болды. Жиылған жұрт сүйікті әншісіне қолдау көрсетіп, қосыла ән шырқады. Айта кетейік, Астанадағы OYU Fest-тің жоғары деңгейде өтуі үшін 2 мыңнан аса адам жұмыс істеген.

Асылбек Данияр

Social Link

Follow Me On Social Media