What are you looking for?

Газа секторында 700-ден астам адам қаза тапты

07.07.2025

Газа секторында кейінгі бірнеше аптада 743 палестиналық қаза тапты, деп хабарлайды 24kz.

Тағы 5 мыңға жуық адам жарақат алған. Жергілікті гуманитарлық көмек қоры келтірген мәліметке қарағанда, құрбандардың мәйіті азық-түлік тарату орталықтарынан табылды. Өйткені бір тілім нан үшін кезекте тұрған бейбіт тұрғындарға Израиль күштері оқ атқан. Олар шабуылға оқ дәрі мен дыбыс шығаратын граната қолданған. Қазір аймаққа жалғыз қор көмек жеткізіп тұр. Бірақ ЦАХАЛ әскерінің жиі соққысынан жағдай қиындап кетті. Тұрғындарға азық-түлік уақытында таратылмай, халық аштан қырылып жатыр.

Social Link

Follow Me On Social Media