What are you looking for?

Футбол: Ұлттық құрама бір саты төмендеді

11.07.2025

Халықаралық футбол федерациясы жаңартылған рейтингті жариялады. Қазақстан ұлттық құрамасының нәтижесі бұл жолы да қуантпады. 113-орыннан 114-орынға төмендеді. FIFA рейтингінің алғашқы ондығында өзгерістер бар. Португалия құрамасы жетінші орыннан алтыншы орынға көтеріліп, Нидерландыны ығыстырды. Германия мен Хорватия құрамалары да бір-бір саты жоғарылап, Италия құрамасын ондықтан шығарып тастады. Көш басында әдеттегідей Аргентина, екінші орында Испания болса үздік үштікті Франция құрамасы қорытындылайды. Айта кетейік, Али Алиевтің жетекшілігіндегі команда 2026 жылғы Әлем чемпионатының іріктеу турнирі аясында үш ойын өткізді. Солтүстік Македониядан 0:1, Уэльстен 3:1 есебімен жеңілді. Ал Лихтенштейннен 0:2 есебімен басым түсті. Қазір футболшыларымыз «J» тобының турнир кестесінде төртінші орынға жайғасқан. Енді жігіттер келесі матчтарын қыркүйек айында өткізеді. 4 күні өз алаңында Уэльс құрамасын қабылдаса, 7-і Бельгиямен сырт алаңда ойнайды.

Асылбек Данияр

Social Link

Follow Me On Social Media