What are you looking for?

Қосылған құн салығы 16% болып бекітілді

18.07.2025

Қосылған құн салығы 16% болып бекітілді. Ал дәрі-дәрмек өндірушілер мен медициналық қызмет көрсетушілер төмендетілген төлем түрін қолдана алады. Мәселен, 2026 жылы 5%, 2027 жылдан бастап 10% көлемінде.

Сондай-ақ бірқатар сала өкілдері салық түрінен босатылды. Бұдан бөлек, бірыңғай зейнетақы жинақтаушы қорынан төленетін зейнетақы төлемдері жеке табыс салығынан босатылады. Сол секілді 10 жыл бұрын шығарылған темір тұлпарларға көлік құралы салығы төмендетілді. Ал мүмкіндігі щектеулі жандар үшін салықтық шегерімдер 882-ден 5000 айлықтық есептік көрсеткішке дейін ұлғайтылды. Бұл жайлы Мемлекет басшысы бүгін қол қойған жаңа Салық кодексінде көрсетілген.

Жазира Мыңбаева, ҚР ҰЭМ Салық және кеден саясаты департаментінің бас сарапшысы:

- Әлеуметтік салаға, оның ішінде білім, медицина саласына 10%-тік корпоративтік салық мөлшерлемесі белгіленген. Дамытуға байланысты «Бәйтерек» ұлттық қорынан шығарылған бағалы қағаздар корпоративтік салығынан босатылады.

Social Link

Follow Me On Social Media