Пранк — әзілдің бір түрі. Оны ұйымдастыратындар, адамды күтпеген жағдайда қалдырып, оның әрекетін бақылайды. Телевизия дамыған сайын жасырын камера түсіретін пранктар көбейді. Олар түрлі бағдарламаларда танымал болды. Ал интернет пен әлеуметтік желілердің дамуы пранктың бағытын өзгертті. Бүгінде қоғам назарын өзіне аудару үшін немесе танымалдық үшін шектен шыққан оғаш әзілдер көбейіп кетті. Бұған қатысты қоғам пікірі өзгерді. Дегенмен, ізгі-ниетпен жасалатын, зиянсыз пранктар әлі де адамдардың көңілін көтеріп, күнделікті күйбеңнен арылуға көмектеседі.
Темірлан Нұржанұлы