Айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаеваның туған сіңлісі Ардақ келіндік міндетін қалай атқарғанын айтып, желіде жан сырын ақтарды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Ол тіпті күйеуімен ажырасып кете жаздаған сәтін еске алды.
«Қазақстанда бұл туралы айту ұят. Мен келін болып түсе сала өзімді ұмыттым. Күн-түн демей келіндік қызметімді атқардым. Түнгі 1-де ұйықтап, таңғы 6-да тұратынмын. Бар ойым қалай бәріне жағамын, қашан маған жолдасым көңіл бөледі?
Өз-өзіме мүлдем уақыт бөлмедім. Солай артық салмақ жинап алдым, толып кеттім. Тек үйдің тірліктері деп, тіпті айнаға қарамай кеткен күндерім де болды. Көп жылайтынмын, депрессияда жүрдім. Бірақ мен сынбадым. Еңсемді тік ұстап: «Ардақ, жетер, бұл сенің өмірің, өз-өзіңді қолға ал деп өз-өзіммен келістім». Спортпен айналыса бастадым, өзіме күтім жасай бастадым», — деп ағынан жарылды ол.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Ардак Таукебаева (@ardasha10)