Алғашқы онлайн кезең 31 тамызға дейін жалғасады.
Бүгін Қазақстанда Ұлттық ауыл шаруашылығы санағы басталды, деп хабарлады Ұлттық статистика бюросы. Санақ кезінде жиналған деректер еліміздегі ауыл шаруашылығының қазіргі жағдайын, оның қалай дамып келе жатқанын, ондағы халықтың тұрмысын көрсетеді.
Алғашқы онлайн кезең 31 тамызға дейін жалғасады. Қатысу үшін sanaq.gov.kz сайтында ЭЦҚ, SMS-код немесе eGovMobile қосымшасындағы QR-код арқылы жүйеге кіруге болады. Сайтта екі түрлі сауалнама қолжетімді:
- біреуі – агрокәсіпорындарға;
- екіншісі – бау-бақшасы бар не мал ұстайтын үй шаруашылықтарына арналған.
Сұрақтар ауыл шаруашылығы қызметінің барлық тұсын қамтиды: жер мен техниканы пайдалану, еңбек ресурстары, ауыл шаруашылық өнімін өткізу және тағы басқалар. Сайтта сауалнаманы қалай толтыру керектігі туралы бейненұсқаулық, интерактивті көмекші және нақты уақыт режимінде сұрақтарға жауап беретін SANAQ мырза чат-боты жұмыс істейді.
Интернетке қосылмаған азаматтар үшін еліміз бойынша әкімдіктер мен аудандық статистика бөлімдерінде 2684 өзіне-өзі қызмет көрсету пункті ашылған. Сондай-ақ 1446 нөміріндегі байланыс орталығы тәулік бойы жұмыс істейді және техникалық сұрақтардан бастап сауалнаманың мазмұнына дейін кез келген мәселе бойынша кеңес береді.
Оқи отырыңыз:
Тамыз бен қыркүйекте 54 елдімекенде пилоттық ауыл шаруашылығы санағы өтеді
Ұлттық ауыл шаруашылығы санағы: Үкімет резервінен 348 миллион теңге бөлінеді