Дональд Трамптың сауда соғысын күшейтуі елдегі қор нарағы құлдыратып барады, деп хабарлайды 24kz.
«Рейтер» агентігінің хабарлауынша, бәрінен де Nasdaq қор биржасының индексі қатты төмендеді. Ол 3,4% табысын жоғалтқан. Бұл – кейінгі 6 айдағы ең төменгі көрсеткіш. Технологиялық компаниялардан Nvidia акциялары 4,4%, Microsoft пен Amazon-ның құнды қағаздары 3%-ке кеміді. «Рейтердің» сауалнамасына қатысқан экономистердің 91%-і: «Дағдарысты Трамптың сауда саясатын жүргізудегі тосын мәлімдемелері мен қауіпті қадамдары тудырып отыр» деп есептейді. Америкалық шаруалар 2018 жылы Трамп ел тізгінін ұстаған кезеңде Қытаймен болған тарифтер тартысында АҚШ ауыл шаруашылығындағы кірісінің 27 миллиард долларынан айырылған еді. Енді олар өткендегі жағдай қайталана ма деп қорқады.