What are you looking for?

Д. Трамп: Украина НАТО-ға кіре алмайды

19.08.2025

Украина НАТО құрамына кіре алмайды. Бірақ оған қауіпсіздік кепілдігі беріледі.

Мұны президент Дональд Трамп Ақ үйде Украина басшысы Владимир Зеленскиймен кездесуінде мәлім етті. Оның айтуынша, Солтүстік атлантикалық альянсқа Киевті қоспау туралы мәселе президент Владимир Путинге дейін айтылып келді. Бірақ, Америка басшысы Еуропа елдеріне қосылып, Украинаға қауіпсіздік кепілдігін беруге дайын екенін жеткізді. Десе де, мән-жайын ашып айтпады. Жалпы сарапшылар Киев НАТО-ға кіру үшін кемі екі мәселе шешілуі тиіс дейді. Алдымен Солтүстік альянсқа мүше елдер Украинаның қосылуын бір ауыздан қолдауы тиіс. Ал АҚШ, Венгрия, Словения секілді бірқатар ел бұған қарсы. Сондай-ақ НАТО-ға кіретін елдің жерге қатысты дауы болмауға тиіс.

Social Link

Follow Me On Social Media