0:00:00
0:00:00Жаңалықтарды Telegram арнамыздан оқыңыз!
Түркістан облысының Табиғат пайдалану және табиғи ресурстар басқармасына қарасты «Жасыл аймақ» мекемесінің бұрынғы басшысы мен оның сыбайластары сотталды. Оларға талапқа сәйкес келмейтін арзан пестицидтер мен гербицидтерді сатып алу арқылы 15 млн теңгеге жуық бюджет қаражатын жымқырды деген айып тағылды. Түркістан қалалық соты бұрынғы директорды 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айырды. Ал оның орынбасары мен заңгерге және кәсіпкерге 2 жылға бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды. Сонымен қатар, олардың ешқайсы бұдан былай мемлекеттік қызметте жұмыс істей алмайды.