What are you looking for?

Өзбекстандық әуекомпания Мәскеуге бағыт алған ұшақтарын басқа әуежайларға қонуға жіберді

11.03.2025

Мәскеу қаласына және облысына жасалған дрон шабуылына байланысты Өзбекстаннан Ресей астанасына бағыт алған бірқатар ұшақ өзге әуежайларға қонуға жіберілді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Uzbekistan Airways компаниясына сілтеме жасап.

Uzbekistan Airways компаниясының Telegram-дағы арнасында хабарланғандай, мына бағытта рейс орындаған ұшақтар қосалқы әуежайларға:

- Бұхара-Мәскеу рейсін орындаған ұшақ Самара әуежайына;

- Ташкент-Мәскеу бағытындағы ұшақ Санкт-Петербург әуежайына;

- Үргеніш-Мәскеу бағытындағы рейсті орындаған ұшақ Пулковоға;

- Ташкент-Мәскеу рейсінің ұшағы Үргеніш әуежайына жіберілді.

Шектеулер алынған соң барлық рейс негізгі бағыт бойынша орындалады. Бұл ретте авиакомпания өкілдері келесі рейстер кестесіне де өзгеріс енгізілетінін мәлім етті.

Social Link

Follow Me On Social Media