What are you looking for?

Зарина Диас Румыниядағы турнирді сәтті бастады

11.03.2025

Қазақстандық теннисші, әлемнің 334-ракеткасы Зарина Дияс Тыргу-Муреш (Румыния) ITF W75 турнирінің екінші айналымына өтті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қазақстандық спортшы бастапқы кездесуін дүниежүзілік рейтингіде 645-орында тұрған чехиялық Анета Лабутковамен өткізді.

Бірінші партияда Зарина 6:2 есебімен басым түсті. Сол қарқынынан екінші сетте де жаңылған жоқ – 6:4.

Матч 1 сағат 21 минутқа созылды.

Зарина Дияс ширек финалға шығу үшін рейтингіде 331-сатыдағы италиялық Камилла Розателломен таласады. Ол әлемнің 128-інші, осы жарыстың 1-ракеткасы, украиналық Дарья Снигурды жеңіп кетті – 7:6 (7:3), 6:4.

Social Link

Follow Me On Social Media