What are you looking for?

Су тасқыны: Елге тыныштық сыйлай аламыз ба, жоқ па?

12.03.2025

Мәжіліс депутаты Нартай Аралбайұлы су тасқыны болуы мүмкін екенін айтып , жауапты органдарды сынады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қазақстанға көктем келді. Демек, су тасқынының қатері қатар келді деуге болады. Былтыр еліміз алапат су тасқынының астында қалып, еліміздің тең жартысы су астында қалып, 10 облыста төтенше жағдай жарияланды, — деді депутат.

Нартай Аралбайұлы айтқандай, оның салдарын жоюға Үкімет резервтен 46,9 млрд теңге бөлді.

Болар іс болды. «Биыл Қазақстанда бірде-бір елді мекен су астында қалмайды” деп, елге тыныштық сыйлай аламыз ба, жоқ па? – деп сұрады депутат Мәжілістің отырысында.

11 наурызда қай өңірде су тасқыны болуы мүмкін екеніне болжам жасалды.

Social Link

Follow Me On Social Media