What are you looking for?

Көкшетауда «Заң мен тәртіп» қағидаты талқыланды

05.03.2025

Көкшетауда Антикор өкілдері студенттерге «Тәртіпті өзіңнен баста» атты тақырыпта дәріс оқыды.

Онда жемқорлыққа қарсы күресте қолданылатын негізгі тетіктерді түсіндірді. Сыбайлас жемқорлық туралы бейнероликтер көрсетті. «Заң мен тәртіп» қағидатын ілгерілету мақсатында ұйымдастырылған кездесу еркін форматта өтті. Студенттер сала мамандарына көкейдегі сұрағын қойып, өз ойын ортаға салды.

Сағыныш Аяғанова, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының бірінші орынбасары:

- Бұл колледж жұмысшы мамандықтарының ұстасы екенін ескере отырып, біз үшін олардың белсенді азаматтық ұстанымға ие болуы, сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік идеологиясын қолдау маңызды. Студенттермен жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларының қолданыстағы жүйесі, оның қандай теріс салдары бар және әрқайсымыз жемқорлықсыз қоғамды қалыптастыруға қандай үлес қоса алатынымызды талқылады.

София Николаева, студент:

- Қазір біздің колледжде «Саналы ұрпақ» клубы жұмыс істейді. Біз онда осы жемқорлыққа қарсы шараларды талқылаймыз. Осындай кездесулердің біз үшін маңызы зор. Бүгінгі дәрістен көп ақпарат алдық.