What are you looking for?

Жетісуда «Ыстық ұя» экоакциясы өтті 

05.03.2025

Жетісу облысында «Таза Қазақстан» акциясы аясында «Ыстық ұя» экошарасы өтті.

Жергілікті жастар қолдан жасалған ұяларды ағашқа іліп, құстарға қамқорлық көрсетті. «Жобаның басты мақсаты – халықтың табиғатқа деген сүйіспеншігін арттырып, қоршаған ортаны қорғау», — дейді қатысушылар. Жетісу облысында «Таза Қазақстан» акциясы шеңберінде 200-ге жуық іс-шара ұйымдастырылды. Бұл үрдіс алдағы уақытта да жалғасады.

Шырай Саматқызы, "Мейірімді Жетісу" фронт-кеңсесінің жетекшісі:

- Біз жастар «Ыстық ұя» акциясы экожүйені сақтау мәселесі бойынша халықтың хабарлығын ғана арттырып қоймай, азаматтардың табиғатқа деген жауапкершілігін қалыптастыруға көмектеседі деген үміттеміз. Мұндай шаралар табиғатқа саналы көзқарас қалыптасырып, баршаға экологиялық тепе-теңдікті сақтауға ықпал етеді деп сенеміз.

Social Link

Follow Me On Social Media