What are you looking for?

«Таптым-ау сені»: Португалиялық қыз қазақ әндерін орындап, көпшілікті тәнті етті (ВИДЕО)

19.11.2025

Португалиялық әнші Лара Алейшо Қазыбек Құрайыштың әйгілі «Таптым-ау сені» әнін орындап, тыңдармандарды таңғалдырды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ол қазақтілді хиттің кавер-нұсқасын өз Instagram парақшасында жариялап, Қазнетте қызу талқыланып жатыр.

Лара қазақ әндерін ерекше жақсы көретінін айтып, Қазақстанға деген ықыласын жасырмады.

«Бұл ән маған Қазақстанды алғаш рет танытқан композициялардың бірі болды. Қазақ музыкасы жүрегіме жақын, сондықтан жаңа әндерді үйренуді жалғастырамын», — деп жазды әнші.

Айта кетейік, Лара Алейшоның Қазақстанға деген қызығушылығы Димаш Құдайбергеннің Singer жобасында All By Myself әнін шырқаған сәтінен кейін оянғаны белгілі болды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Lara Aleixo (@laraleixo)

Social Link

Follow Me On Social Media