Бүгін Сенатта өткен брифингте Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин зейнетақыны 10 %-ға арттыру шешімі елдің болжамды макроэкономикалық көрсеткіштеріне негізделгеннін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Біз орташа инфляция деңгейін 9-10 пайыз шамасында болады деп болжадық. Сондықтан индексация 10 пайыз көлемінде қалады. Бұл қазіргі бюджет мүмкіндіктеріне байланысты», деді Серік Жұманғарин.
Сонымен қатар вице-премьер алдағы уақытта оны арттыру қарастырылмайтынын атап өтті.