What are you looking for?

Астана көшелеріне жыл соңына дейін 10 мың жаңа камера орнатылады

12.03.2025

0:00:00

0:00:00

Жаңалықтарды Telegram арнамыздан оқыңыз!

Ертеңнен бастап Астанадағы «Сергек» камераларының қатарын жасанды интеллектке негізделген жаңа жүйе толықтырады. Қалалық цифрландыру және мемлекеттік қызметтер басқармасының хабарлауынша, жыл соңына дейін елоорда көшелерінде 10 мың жаңа бейнебақылау камерасы орнатылады. Сондай-ақ жол қиылыстарына 502 аппараттық- бағдарламалық кешен қойылады. Бұдан бөлек, өзге де ұйымдардың 5 мың бейнебақылау камерасы интеграцияланбақ. Айта кетейік, жаңа камералар жол қозғалысы ережелерін бұзудың 15 және бейне талдаудың 35 түрін тіркейді. Мысалы, көлікте телефонмен сөйлесу, қауіпсіздік белдігін тақпау, екінші жолақтан бұрылу, рұқсат етілмеген жерге тоқтау және жаяу жүргіншіге жол бермеу секілді т.б түрлері бар. Тіпті, ақылды камера адамның іс-әрекетінен оның қылмыс жасау ықтималдығын бағамдап, суық қаруды тани алады. Жауаптылар бұл құқық бұзушылықтардың алдын алуға және болжауға мол мүмкіндік болады деп отыр.

Серік Жұмабек

Social Link

Follow Me On Social Media