What are you looking for?

Енді 21 жасқа толмағандарға несие берілмеуі мүмкін

05.12.2025

Қазақстанда жастардың шамадан тыс қарызға бату мәселесіне байланысты тұтынушылық несие алуға рұқсат етілетін жасты 18-ден 21 жасқа дейін көтеру қайта талқыланып жатыр.

Депутаттар Агенттік төрағасы Әбілқасымова Мадина Ерғалиқызына ресми ұсыныс жолдаған. Депутаттардың айтуынша, 18–21 жас аралығындағы қазақстандықтар арасында микронесие мен онлайн-кредитке тәуелділік айтарлықтай артқан.

Бұл топта:

— несие көбіне ойланбай, эмоциямен рәсімделеді;

— тұрақты табыс болмағандықтан, қарызды уақытында жабу көрсеткіші төмен;

— қаржылық сауаттылықтың төмендігі тәуекелдерді арттырады.

Сарапшылар жастарды тұтынушылық кредит нарығындағы ең осал аудитория деп атады. Бұған онлайн рәсімдеудің оңайлығы мен жылдамдығы, микрокредит ұйымдарының белсенді жарнамасы да әсер етіп отыр.

Social Link

Follow Me On Social Media