What are you looking for?

Айыппұлдарға онлайн шағымдану: Freedom Bank жаңа қызметті іске қосты

17.12.2025

Freedom Bank ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетімен бірлесе отырып, әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін салынған айыппұлдарға шағымдануға арналған жаңа тегін сервисті іске қосты.

Енді Freedom SuperApp қосымшасы арқылы пайдаланушылар жылдамдық арттыру, көлікті тоқтату ережелерін сақтамау және басқа да нормалар бұзу бойынша айыппұлдарға бірнеше қадамда шағымдана алады. Freedom Bank бұл процесті толық цифрландырған алғашқы қаржы институты.

Қызметті пайдалану үшін банк клиенттері Freedom SuperApp қосымшасына кіріп, "Мемлекеттік қызметтер" бөліміне өтіп, "Мемлекеттік төлемдер" және "ЖСН бойынша айыппұлдар" таңдауы қажет. Егер пайдаланушыда қолданыстағы айыппұл болса, құқық бұзушылық туралы ақпарат автоматты түрде толтырылады. Одан кейін өтініштің түрін таңдап, мәнін қысқаша сипаттап, қажет болған жағдайда файл тіркеуге болады. Өтініш бір реттік құпиясөз және бейнеидентификация арқылы расталып, мемлекеттік органға жіберіледі. Өтініштің қабылданғаны туралы хабарлама банк қосымшасына келеді.

Фото: Freedom Bank
Қызметтерді іске қосу
Фото: Freedom Bank
Қызметтерді іске қосу
Фото: Freedom Bank

Айта кетейік, онлайн түрде шағымдануға болатын әкімшілік құқық бұзушылықтарға жол қозғалысы ережелерін бұзу, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікке қатысты және басқа да құқық бұзушылықтар жатады.

Айдос Жұмағұлов, Freedom Bank Директорлар кеңесінің мүшесі:

Freedom Bank-тегі қызметтерімізді дамыта отырып, біз әрдайым клиенттеріміздің қажеттіліктеріне көңіл бөлеміз және оларды қанағаттандыру мақсатында шынымен пайдалы, сұранысқа ие шешімдерді әзірлеуге тырысамыз.

Бұл қызмет – мемлекеттік органдармен бірлесіп жасалған ауқымды жұмыстың нәтижесі. Олардың ашықтығы мен қолдауының арқасында біз айыппұлдарға шағымдану процесін толығымен цифрландырдық. Айыппұлдарға шағымдану мүмкіндігі тек мемлекеттік органдардың сайтында іске асырылғанына және мобильді қолданбаларда осындай қызметтің жоқтығына назар аудардық.

Сондықтан Freedom Bank бұл қызметті іске қосуға бастамашы болды. Клиенттеріміз үшін пайдалы болуды көздейтін стратегиямыздың арқасында Freedom SuperApp қолданбасын пайдаланушылар саны 4 миллионнан асты.  

Қызмет тек жеке тұлғалар мен Freedom SuperApp қолданбасын пайдаланушылар үшін қолжетімді.

25.06.2024 ж. берілген №1.1.108 банктік және өзге де операцияларды жүргізуге арналған ҚНРДА лицензиясы

*PR құқығында.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз

Social Link

Follow Me On Social Media