What are you looking for?

10 соттық жерге қарасора өсіргендер ұсталды

13.03.2025

Алматы облысындағы есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлініcінің қызметкерлері құрамында есірткісі бар өсімдіктерді заңсыз өсірумен айналысатын қылмыстық топтың қызметін тоқтатты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Арнайы операция барысында үш адам ұсталды. Жалға алған үйдің аумағында жүргізілген тінту нәтижесінде қарасора өсіруге арналған ауданы 10 соттық жылыжай табылды. Тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 900 килограмды құрады. Күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

«2025 жылдың басынан бастап заңсыз айналымнан екі тоннадан астам есірткі, оның ішінде 120 кг синтетикалық есірткі, 600 грамм кокаин және 140 кг-нан астам гашиш тәркіленді. Есірткінің заңсыз айналымына қатысты қылмыстарды анықтау және жолын кесу жұмыстары жалғасып жатыр», деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Қуандық Әлжанов.

Social Link

Follow Me On Social Media