What are you looking for?

Рельске қысылып қалған автокөлік пойыздың жолын бөгеген

13.03.2025

Оқиға 12 наурызда сағат 15:46-да болған, деп хабарлайды Egemen .kz.

Алматы-2 – Павлодар бағыты бойынша келе жатқан жолаушылар пойызының машинисі темір жолға белгіленбеген жерден шығып, рельстер арасында қысылып қалған Toyota Land Cruiser маркалы автокөлігінің кесірінен шұғыл тежеуді қолдануға мәжбүр болған.

Сол тұстан өтіп бара жатқан теміржолшылар жедел қимылдап, жол талғамайтын көлікті қауіпсіз жерге сүйреп апарған, ал, жүргізуші сол жерден қашып кеткен.

Оқиға салдарынан пойыз 16 минутқа кідірген. Қазіргі уақытта тергеу жүргізіліп жатыр.

Биыл қаңтар-ақпан айларында теміржол өткелдерінде автокөлік жүргізушілерінің жол қозғалысы ережелерін бұзуына байланысты 4 жол-көлік оқиғасы болып, жолаушылар мен теміржол қызметкерлерінің өміріне қауіп төндірген.

Social Link

Follow Me On Social Media