Ақтау қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалған Әсет Шопанов ертесіне қызметінен кеткен. Бұл туралы Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Lada.kz хабарлайды.
Басылымның жазуынша, әкімдік өкілдері Әсет Шопановтың қызметінен өз еркімен кеткенін айтқан.
"Әсет Шопанов 3 наурызда Ақтау қаласы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды. Келесі күні, 4 наурызда ол қызметінен кетті", — деп түсіндірген ведомстводағылар.