What are you looking for?

Керек дерек

06.03.2025

Телефон алаяқтары өзін банк қызметкері, құқық қорғау органы өкілі, жақын туыс, компания өкілі, лотерея ұйымдастырушысы ретінде таныстырып, азаматтардың сеніміне кіруге тырысады. Олар сізден ақша аударуды, құпия деректерді айтуды немесе банк картасы мәліметтерін сұрауы мүмкін. Осындай қылмыстардың құрбаны болмау үшін негізгі сақтық шараларын білу маңызды.

  • Белгісіз нөмірден хабар­лас­қан адамға жеке мәлімет­теріңізді айтпаңыз. Банк карта­сының нөмірі, ЖСН, CVV-код, SMS-кодтар секілді ақпа­раттарды ешкімге бермеңіз.
  • Банк қызметкерімін деп хабарласса, әңгімені тоқтатып, банкке ресми нөмірі арқылы өзіңіз хабарласыңыз.
  • «Сіздің шотыңыз бұ­ғат­талды» немесе «Сіздің атыңыз­дан несие рәсімделді» деген қоңырауларға сенбеңіз. Банк ешқашан телефон арқылы осындай ақпарат бермейді.
  • «Жақын туысыңыз қиын жағдайға түсті» деген қоңы­рауларға сенбеңіз. Бірден туысыңызға немесе оның жақындарына тікелей хабарласып, ақпараттың рас-өтірігін тексеріңіз.
  • «Сіз жеңімпаз болдыңыз» деген хабарламаларға алдан­баңыз. Егер сіз ешқандай лотереяға қатыспасаңыз, сізге ешқандай сыйлық түспейді.
  • Егер белгісіз нөмірден хабарласса, оны интернеттен іздеп, алаяқтар тізімінде бар-жоғын тексеріңіз.
  • Құқық қорғау органда­рына хабарласыңыз. Егер алаяқ­тық әрекетке тап болсаңыз, полицияға немесе банкке дереу хабар беріңіз.

Social Link

Follow Me On Social Media