What are you looking for?

Жартылай финалда 6 боксшымыз жұдырықтасады

14.03.2025

Бүгін Сербияның Ниш қаласында әйелдер арасындағы әлем чемпионатының жартылай финалдық кезеңі басталады, деп хабарлайды Egemen .kz.

Халықаралық бокс бәсекесінің бұл кезеңінде 6 отандасымыз финал жолдамасы үшін шаршы алаңға көтеріледі.

48 келіде Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Назым Қызайбай Солтүстік Корея өкілі Рионг Кионг Хонгпен шеберлік байқасады.

50 келіде ел намысын қорғайтын Алуа Балқыбекованың да қарсыласы солтүстіккореялық спортшы Ан Кум Биол.

63 келіде Аида Әбікеева финал жолдамасын ресейлік Бабичева Еленамен сарапқа салады.

70 келіде отандасымыз Наталья Богданова ирландиялық Лиза Орук Еделмен жұдырықтасады.

81+ келіде Елдана Талипованың жартылай финалдағы қарсыласы молдовалық Дарья Сазонова.

60 келіде Виктория Графеева жергілікті былғары қолғап шебері Наталья Шадринаға қарсы бақ сынайды.

Жекпе-жектер күндізгі сессия Астана уақытымен 18: 00-де, кешкі сессия 22: 00-де басталады.

Social Link

Follow Me On Social Media