Ел мергендері Шымкентке жиналды , деп хабарлайды 24kz.
Қазір аймақта ересектер арасында стенд атудан Қазақстан кубогінің алғашқы кезеңі өтіп жатыр. Айтулы жарысқа елдің түкпір-түкпірінен келген 150-ден аса спортшы қатысуда. Олардың арасында Азия ойындары, сары құрлық бәсекесі мен халықаралық жарыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері бар. Мергендер бәсекесі 6 күнге созылады. Жарыс нәтижесі бойынша рейтинг жаңартылып, әлемдік додаларда ел намысын қорғайтын спортшылар белгілі болады. Сондай-ақ Шымкентте ересектерден бөлек, жасөспірімдер арасында ел біріншілігі өтіп жатыр. Жарыс қорытындысы апта соңында белгілі болады.