Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Ұлттық құрылтай отырысы басталды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Айта кетейік, Ұлттық құрылтайдың IV отырысы биыл Бурабайда өтіп жатыр. Жиында Мемлекет басшысы сөз сөйлеп, Ұлттық құрылтай мүшелері қоғамдағы өзекті мәселелерге қатысты ұсыныстарын ортаға салады.
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық құрылтай — Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы консультативтік-кеңесші орган.
Бұған дейін Ұлттық құрылтайдың үш отырысы өтті:
- І Ұлттық құрылтай 2022 жылы Ұлытау облысында өтті.
- ІІ Ұлттық құрылтай 2023 жылы Түркістан қаласында өтті.
- ІІІ Ұлттық құрылтай 2024 жылы Атырауда өтті.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!