What are you looking for?

Ұлттық құрылтайдағы бастамалардан кейін 9 заң қабылданды

14.03.2025

0:00:00

0:00:00

Жаңалықтарды Telegram арнамыздан оқыңыз!

Былтырғы Ұлттық құрылтайда бастама көтерген мәселелерге қатысты 9 заң қабылданды. Ойын бизнесін жарнамалауға тыйым салу, тарихи ескерткіштер мен табиғи нысандарды қорғау, әйелдер мен балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау, батырлар есімін ұлықтау, есірткі қылмысына жазаны күшейту және ономастика ережелерін жаңарту бастамалар бар. Мұның барлығы ел үшін өте қажетті заңдар, — дейді тұрғындар.

Менің ойымша қазіргі кезде болып жатқан құрылтай бұл жай ғана жиын емес, біздің еліміздің болашағы үшін жасалып жатқан өте маңызды қадам деп ойлаймын. Былтыр қозғалған 10 мәселенің 9-ы заң жүзінде қалыптасты. Заң жүзінде қадағаланып жатыр.

Педагогика ғылымдарының докторы Құрылтайдың нәтижесімен ғылым және білім саласында көптеген өзгерістер болды. Біріншіден мынау ауыл мектебі мен қала мектебінің арасында, білім сапасының арасында қарама-қайшылық, арақашықтық бар. Соған байланысты «Жайлы мектеп» деген жоба іске асып жатыр.

Құрылтайда көтерілген мәселелер кейін заң жүзіне ұласып жатыр. Әсіресе мынау балаларды қорғау, аналарды қорғау, әлеуметтік мәселелер. Заңдылықты сақтауға қатысты дүниелердің заңға айналуы бұл құрылтайда көтерілген мәселелердің ары қарата тереңдетіп өмірден көрініс табатындығын, халықпен арадағы байланысқа ұласатындығын көрсетеді.

Қуан Нұрақын

Social Link

Follow Me On Social Media