0:00:00
0:00:00Жаңалықтарды Telegram арнамыздан оқыңыз!
Саналы ғұмырын қазақтың тарих ғылымына арнаған ғалым, академик Кеңес Нұрпейістің туғанына биыл 90 жыл толды. Осыған орай Алматыдағы Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде «Тарихи жад және ұлттық бірегейлік» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Басқосуға жиналған елге белгілі ғалымдар, қоғам қайраткерлері академик Кеңес Нұрпейістің тарихқа қосқан үлесін, Алаш қозғалысы, тарихшы мамандарды дайындаудағы ерен еңбегі туралы баяндамалар жасады.
Талдыбек Нұрпейіс, Кеңес Нұрпейістің туысы:
72 жасында өмірден озды ғой. Соған қарамастан бұл кісінің 20-дан астам монография, 500-ден астам мақалалар жариялады. 40-тан аса ғылым кандидаттарын, 10-нан аса ғылым докторларын дайындап шығарды. Сондықтан мынау бүгінгі өтіп жатқан шара толығыменен ол кісінің еңбегіне сай өтіп жатыр ғой деп ойлаймын.
Қуан Нұрақын