What are you looking for?

Абай облысында 100-ден аса көлік қар құрсауында қалды

15.03.2025

t.me/qr_tjm

Абай облысында 60-тан астам көлік қар құрсауынан шығарылды. Дегенмен кептелісте тұрғандар әлі де көп. Өткен түні «Алматы – Талдықорған – Өскемен» тасжолының Таскескен ауылына бұрылысы мен Аягөз қаласы аралығында қатты соққан боран соғып, 100-ден астам көлік тұрып қалған.

«ҚазАвтоЖолдың» 20-ға жуық ауыр техникасы түні бойы құтқару жұмыстарын жалғастырып жатыр. Қатты боран тас жолды толық тазалауға мұрша бермей тұр. Жолда қалға 3 жолаушы автобусы Аягөз қаласына жеткізілді. 77 адам, оның ішінде 3 бала жылыту пунктіне орналастырылды. Таскескен ауылына бұрылыс пен Аягөз аралығы әлі де жабық. Таскескен жағында 90 жүк, 40 жеңіл көлік пен 4 автобус жолдың ашылуын тосып тұр. Аягөз жақтан да жолға шыққан 120-дан астам көлік бар. Мамандар жолға шықпас бұрын 1403 байланыс орталығына хабарласып, мән-жайды біліп отыруға кеңес береді.

Social Link

Follow Me On Social Media