Италияда тасқынға байланысты қауіптіліктің ең жоғары «қызыл» деңгейі жарияланды. Мұнда нөсер толастамай тұр.
Кейінгі бір тәулікте жауын-шашынның бір айлық мөлшері жауған. Әсіресе елдің орталық бөлігінде орналасқан Тоскана өңіріндегі жағдай қиын. Мұнда бірқатар ауданда қазір өндіріс тоқтап тұр. Коммерциялық кәсіпорындар да жұмыс істемейді.