What are you looking for?

Елорда тұрғындары Ұлттық құрылтайға қатысты пікір білдірді

15.03.2025

Бурабайда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өткен Ұлттық құрылтайдың IV отырысында ел ертеңіне бағытталған байыпты бастамалар талқыға түсті, деп хабарлайды 24kz.

Алқалы жиында ұлттық бірегейлікті нығайту, халықтың өмір сүру сапасын жақсарту және өңірлерді дамыту сынды тақырыптар қозғалды. Қазақ тілі мен мәдениетін одан әрі дамыту, білім беру, денсаулық сақтау салаларын жаңғырту мәселелері талқыланды. Құрылтайда көтерілген өзекті түйткілдер туралы елорда тұрғындарының не дейді?

Блиц 1:

- Осы құрылтайда көтерілген мәселелер ел мүддесі үшін үлкен проблемалардың шешіміне қадам деп ойлаймын. Жылда қайталанатын осы құрылтайдың арқасында еліміздің кішкене болсын проблемалары шешіліп, халыққа пайдасын тигізеді деген сенімдемін.

Блиц 2:

- Тұрмыстық зорлық-зомбылық дейді ғой, соған заң қабылдап, сол жақсы болып жатыр. Қанша біз білмейтін отбасылар бар ғой зорлық-зомбылық болып жатқан. Балаларын ұрып, жолдасын ұрып. Соған Президентіміз тағы да көңіл бөліп жатыр.

Блиц 3:

- Мен Президенттің бастамаларын маңызды деп есептеймін және толықтай қолдаймын. Қазір біздің елімізде өте көп заң қабылданып жатыр. Әйелдердің құқығы қорғалып жатыр. Мен мұны өте дұрыс деп ойлаймын және толық келісемін.

Social Link

Follow Me On Social Media