Жаңақорған ауданының орталығында жыл сайын жаңа үйлер салынып, кенттің аумағы кеңейіп келеді.
Осыған орай ауыз су қысымын да көтеру қажеттілігі туындаған. Мамандар мәселені шешу үшін жоба әзірленді,-дейді.
Қайрат Сапарбаев, Жаңақорған аудандық ТҮКШ бөлімінің басшысы:
- Осыған қосымша бұрынғы бірінші сорғы стансасынан суды жоғар жақа, сол МАИ бекеті, саяжай аудандарына апару үшін тағы бір қосымша жобаны жасап жатырмыз. Мынау МАИ бекеті шағын ауданынан арнайы жер бөлініп, сол жерде қосымша водозабор мен су қондырғы стансасын салатын боламыз. Бұл жобаның құны 980 мллион болды, жобанығ құны. Қазір республикалық бюджетке қаржыландыруға ұсынылып отыр.
Тұрғын үй кезегінде тұрған Зухра Әбдімажитоваға былтыр екі бөлмелі пәтер берілген. Бірақ, жаңа баспанасында ауызсу үздіксіз берілмейді. Күніне бірнеше сағатқа ғана қосылады екен.
Зухра Әбдімәжитова, Жаңақорған кентінің тұрғыны:
- Су бұл жаққа келуі өте қиын. Біз биікте тұрамыз, біршама, Жаңақорғаннан қарағанда. Тау беткей болғаннан кейін ба, су келуі қиын бізге. Оңайлықпен су келе қоймайды.
Рәш Асылбекова, Жаңақорған кентінің тұрғыны:
- Енді мен өзім суды қойып алғанмын емкостьпенен. Мотормен ғана ағып тұр. Былайынша көршілердің бәрінде су болмайды.
Ал аудан әкімдігіндегі жауапты мамандар бұл мәселенің көп ұзамай шешімі болатынын айтып отыр. Ол үшін «Тақыркөл» су құбырының екінші желісін іске қоспақ.
Қайрат Сапарбаев, Жаңақорған аудандық ТҮКШ бөлімінің басшысы:
- Жиделі су қоймасынан бірінші сорғы станциямыз бар Жаңақорған кентінде, соған дейін Тақыркөл екінші желісінің құрылысы басталды 2022 жылдан бастап. Жаз айларында осы су қажеттілігін толыққанды қамтамасыз ету үшін осы екінші желісі іске асырылатын болады.
Сонымен қатар «Талап» бас су тоғанынан қосымша 5 ұңғыма қазу жоспарланған.
Нұрлан Жақыпбеков, Нұржан Мұзарапшин