What are you looking for?

Senat Open II ашық кубогінің іріктеу туры басталды

16.03.2025

Астанада Senat Open II ашық кубогінің іріктеу кезеңі басталды.

Сайысты Сенаттың қолдауымен Қазақстан шахмат федерациясы ұйымдастырды. Турнир мемлекеттік қызметкерлер, ардагерлер, депутат пен қоғам қайраткерлері арасында шахматты насихаттауға бағытталған. Жарыстың алғашқы кезеңі ақпан айында Түркістан мен Шымкентте өтті. Енді зияткерлік сайыс Қарағанды мен Павлодар қалаларында жалғасады. Елде 18 мамырға дейін 20 іріктеу туры өтеді.

Марат Есенов, Қазақстан шахмат федерациясының вице-президенті:

- Бұл мақсат біріншіден шахматты дамыту бағытындағы жұмыстардың бірі. Бүгінгі жарысқа 124 шахматшы қатысып жатыр. Бұл іріктеу турнирі. Бұдан кейін полуфинал болады, содан кейін финалдық кездесу өтеді.

Social Link

Follow Me On Social Media