What are you looking for?

Елордалық жас жұбайлар Шаңырақ күні отау құрды

16.03.2025

Елордада шаңырақ күнінде төрт жұптың некесі Бәйтерек монументінің ғимаратында салтанатты түрде қиылды, деп хабарлайды 24KZ. Некелесу рәсімі – жас жұбайлар өміріндегі маңызды сәт. «Бұл күн отбасылық құндылықтар мен мәдени дәстүрлерді дәріптейтін нағыз махаббат пен адалдық мерекесіне айналғандай», – дейді олар.

Аят пен Мерей, жас жұбайлар:

- Бұл күннің осылай аталып өтуі отбасының құндылығын, отбасының адам өмірінде ең маңызды екенін білдіреді. Айтады ғой отбасы мен жұмыс таңдаудан қателеспе деп. Бәйтеректің ішінде бізге неке қию бұйырыпты. Өзімізге тек бақыт, махаббат тілейміз. Елу жыл тұрып жатқан үлкен кісілердің жолын берсін ең бастысы.

Шараға 50 жыл отасып, өмірдің ащысы мен тұщысын бірге көріп келе жатқан ерлі-зайыптылар да шақырылды. Олар жастарға ізгі тілектерін жолдап, бата берді.

Оралбек, Жұмагүл Құрманғалиевтер, қала тұрғындары:

- 50 жыл екеуміз қол ұстасып өмір сүріп келеміз. Бақыттымыз. 3 ұл, 3 қыз өсіріп отырмыз. Бәрі де өз орнын тапқан. Еңбек етіп жатыр. Бүгін Шаңырақ күні. Наурызнаманың үшінші күні. Естіп келіп отырмыз. Осындай шараға қатысқанымызға қуаныштымыз. Мерекелеріңіз құтты болсын. Жастарға біздің жолымызды берсін.

Social Link

Follow Me On Social Media