What are you looking for?

Шымкентте қосалқы станцияның құрылысы 6 жылдан бері бітер емес

17.03.2025

0:00:00

0:00:00

Жаңалықтарды Telegram арнамыздан оқыңыз!

Шымкент қаласындағы құрылысы 6 жыл бұрын басталған «Ақжар» қосалқы электр стансасы салынып бітер емес. Алты жарым миллиард теңге жұмсалған станция 50 мың абонентке сапалы қуат жеткізуі тиіс еді. Алайда, құрылыс басталмай жатып, кедергіге тап болды. Жер жекенің меншігінде болғандықтан 2 жыл соттасуға кетті. Сөйтіп жүргенде ұзындығы 7 жарым шақырым сым ұрланып, қолды болды. Мердігер компания өкілдерінің айтуынша оның бағасы 450 миллион теңге шамасында. Ұрлық жасағандар қолға түсті. Оларды жазалағанмен қолды болған материалдың ақшасы қайтпады. Енді құрылысты жүргізу өзге мердігер компанияға тапсырылды.

Бақберген Кендебайұлы, мердігер мекеме өкілі:

Енді кабельді өз ақшамызға алып отырмыз. Оның дайындау мерзімі бар, алып келу, сынақтан өткізуі бар. Муфта болуы керек. Оның бәрі уақыт, жұмыс.

Нысанның жалпы аумағы 700 шаршы метрден астам. Бұған дейін станцияға 110 киловольттық трансформатор орнатылып, ұзындығы 15 шақырым болатын электр желісі тартылған еді. Жоспарланған мерзімнен төрт жылға кешіккен станция құрылысы тағы да созылды.

Шоқан Айдарбеков, қалалық энергетика және инфрақұрылым дамыту басқармасының бөлім басшысы:

Қала әкімінің тапсырмасымен бұл кісілер подстанцияны қосу керек. Мердігер мекеме мамыр айының соңына дейін аяқтап қосып береміз деп отыр.

Ғани Қалмахан