What are you looking for?

Солтүстік Македония жеті күн аза тұтады

17.03.2025

Солтүстік Македонияда түнгі клубта болған өрттен 60 адамның қаза табуына байланысты 7 күн қаралы деп жарияланды.

Кейін анықталғандай, ойын-сауық мекемесінің лицензиясы жалған болып шыққан. Бұл туралы премьер-министр Христиан Мицкоски мәлімдеді. 150-ден астам адамның денесін күйік шалған. "Рейтердің" хабарлауынша, полиция 20-ға жуық күдіктіні қамауға алды. Арасында түнгі клуб менеджері мен шенеуніктер бар. Оларға заңсыз лицензия беру үшін пара алды деген айып тағылып отыр. Алдын ала мәлімет бойынша өртке музыкалық топтың концерті кезінде атқан жарылғыш заттар себеп болған. Ғимаратта өрт сөндіру құралдары жетіспеген.

Христиан Мицкоски, Солтүстік Македония премьер-министрі:

- Біз лицензияның Экономика министрлігінің мөрін пайдалана отырып, заңсыз жасалғанын анықтадық. Осыған байланысты басқа да сұрақтар туындап отыр. Оларды тергеу комитеті анықтайды. Қылмысқа қатысы бар барлық адам кім екеніне қарамастан жауапқа тартылады.

Social Link

Follow Me On Social Media