What are you looking for?

Еуроодақ Сирияға қомақты қаржы бөледі

18.03.2025

Еуроодақ Сирияға қомақты қаржы бөледі. Сондай-ақ оған көрші жатқан елдерді де жарылқамақ ниетте . Ақшалай көмектің көлемі 6 млрд еуроға жуықтайды.

Мұндай шешім Бельгияда өткен 27 елдің басқосуында қабылданды. Қаражат ел экономикасын аяққа тұрғызуға бағытталады. Башар Асад тақтан кеткен соң еуропалық ұйымдар жаңа билікпен байланысты қайта қалпына келтіре бастады. Энергетика, көлік және банк секторындағы кейбір санкцияның күші жойылды.

Дубравка Шуйца, Жерорта теңізі бойынша Еуропа комиссары:

- Сирияға қатысты жиын осымен 9-ші рет өтіп отыр. Бұл жолы ұтымды шешім қабылданды. Нақтырақ, Сирияға 5 млрд 800 млн еуро бөлінеді. Оның 2 млрд 400 млн еуросы қайтарымсыз болса, 1 млрд 600 млн еуроны қарызға беріп отырмыз.

Social Link

Follow Me On Social Media