What are you looking for?

Полиция 350 дәріхананы тексерді

18.03.2025

Ел аумағында «Дәрмек» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Шара барысында прекурсорлар мен медициналық препараттарды қолданатын 900-ден астам ұйым, оның ішінде 350 дәріхана, 85 қойма, 103 емдеу-профилактикалық мекемесі және 362 кәсіпорын тексерілген.

Сақтау, өткізу және тасымалдау шарттарын бұзған 248 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 116 медицина қызметкері бар.

«Есірткі құралдарымен жұмыс істеу саласында 8 қылмыстық іс қозғалды. 35 мың тонна прекурсор, 20 мың таблетка және құрамында психоактивті заттар бар 24 мың ампуланың айналымына шектеу қойылды», деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Қуандық Әлжанов.

Мәселен, Жамбыл облысындағы ұйымдардың бірі прекурсорларды сақтау ережелерін бұзған. 34 мың тоннадан астам күкірт қышқылы тәркіленді. Әкімшілік материал жиналып, ұйым қызметі тоқтатылған. Ақтөбе облысында медициналық ұйымды тексеру кезінде есірткі құралдарын сақтау және есепке алу ережелерінің бұзылуы анықталды. Фармацевтке қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Social Link

Follow Me On Social Media