0:00:00
0:00:00Жаңалықтарды Telegram арнамыздан оқыңыз !
Елімізде сот сараптама жүйесі жасанды интеллектінің көмегімен жұмысты жетілдірмек. Бұл туралы бүгін баспасөз мәслихаты барысында сот сараптамалары орталығы директорының міндетін атқарушы Бақытжан Байтілесов айтты.
Жалпы қазір елімізде 19 сот сараптама институты мен 1 ғылыми-тәжірибелік орталық бар. Жалғыз орталық былтыр халықаралық ғылыми аккредиттеуден сәтті өтті. Елімізде 1 216 сарапшы бар. Олар 31 түрлі 58 мамандық бойынша сот сараптамасын жүргізеді. 2023 жылы жоғары дәлдіктегі химиялық-токсикологиялық зерттеулер істейтін жабдықтар орнатылған. Бұл есірткі, психотропты заттарды, олардың метаболиттерін және дәрілік заттарды анықтап, талдауға мүмкіндік береді. Енді, саладағы жұмыс жасанды инттелектінің көмегімен одан әрі жетілдіріле түспек.
Бақытжан Байтілесов, Сот сараптамалары орталығы директорының міндетін атқарушы:
Зерттеулер мен дәлдігін және жылдамдығын арттыру үшін жасанды интеллекті технологиясының «Е-сараптама» ақпараттық жүйесі құрылып жатыр. Бұл жаңғырту жүргізілетін сараптамалардың сапасы мен жеделдігін қамтамасыз ете отырып, Қазақстандағы сот сараптама қызметінің дамындағы маңызды кезең болады.
Самал Қабышева