What are you looking for?

Алматыда Ұлттық киім күніне орай сән көрсетілімі өтті

18.03.2025

0:00:00

0:00:00

Жаңалықтарды Telegram арнамыздан оқыңыз !

Ұлттық киім күніне орай Алматыда «Nauryz Fashion Day» сән көрсетілімі өтті. Ерекше іс-шарада «Әлемді таңқалдырған қазақ әжелері» жобасының қатысушылары және «Қазақ аруы» байқауының жеңімпаздары ұлттық киімімізді киіп, әшекей-бұйымдарды тағып, қызыл кілеммен жүріп өтті. Шапан, шекпен, кәжекей, бешпент, кимешек, камзол көйлектердің заманауи нұсқасы көпшіліктің көңілінен шықты. Сондай-ақ ұлттық нақышта киінген қала тұрғындары да қызыл кілеммен жүріп, қазақи құндылықтарды насихаттауға атсалысты. Айта кетейік, Nauryz Fashion Day қатысушыларының қатарындағы әжелер бұған дейін Миланда өткен сән апталығының ашылуында өнер көрсеткен.

Роза Халыққызы, «Әлемді таңғалдырған қазақ әжелері» жобасының қатысушысы:

Әлем біздің мына киімге ерекше таңғалып, осындай қазақ деген ұлт бар екен, ол қазақтың осындай өнері бар екен, осындай әшекейі бар екен, керемет қазақ әжелерінің сұлулығын көрсететін осындай киімдері бар екен деп таңғалып жатыр. Себебі, біздің осы «Алаш» топтамасының әр өзінің өрнегінің мәні,мағынасы бар.

Ернұр Медет

Social Link

Follow Me On Social Media