What are you looking for?

«Ауырсақ бірге ауырамыз»: Нұрлан мен Мұрат араларындағы ерекше байланыс туралы айтты

18.03.2025

Көптен көрінбей кеткен дуэт Нұрлан мен Мұрат "Таңшолпан" бағдарламасына сұхбат берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы .

Сұхбат барысында жүргізуші олардың денсаулығы туралы сұраған. Әнші Нұрланның айтуынша, Мұрат екеуінің арасында ерекше байланыс бар екен.

Құдайға шүкір, қазір бәрі жақсы. Бірақ Мұрат екеуіміздің арамызда ерекше бір байланыс бар сияқты. Мен ауырсам, міндетті түрде бір-екі жылдан кейін Мұрат та ауырып қалады. Маған қайғы түссе, көп ұзамай Мұрат та сондай жағдайды бастан кешіреді. Неге екенін білмеймін. Менің анам дүниеден озды, бір-екі жылдан кейін Мұраттың анасы да өмірден өтті. Мен ауырғанда үш жыл бойы арбада отырдым, ал Мұрат жақында ғана арбадан шықты. Осындай сәйкестіктер жиі болып тұрады. Сондықтан Мұрат маған үнемі: ‘Нұреке, абайлап жүрші’ деп әзілдейді, – деп бөлісті Нұрлан.

Social Link

Follow Me On Social Media