What are you looking for?

Алмасадам Сәтқалиев қызметінен босатылды

18.03.2025

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы .

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Алмасадам Майданұлы Сәтқалиев Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің төрағасы болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды", — делінген хабарламада.

Айта кетейік Алмасадам Сәтқалиев 2023 жылдың сәуір айынан бастап Энергетика министрі қызметін атқарған болатын.