What are you looking for?

Алматы облысында ер адамды пойыз қағып кетті

18.03.2025

Ақсеңгір — Шамалған аралығында ер адам абайсызда пойыз астына түсті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ " Қазақстан теміржолы" компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

17 наурызда сағат 17:24-те Ақсеңгір – Шамалған аралығында (Алматы – Отар учаскесі)жүк пойызының машинисіне кенеттен жолға бөгде адамның шығуына байланысты көлікті шұғыл тежеуге тура келді. Ер адам локомотив пен өткелдегі кезекшінің сигналына мән бермеген.

"Оқыс жағдайдың алдын алу мүмкін болмады. Оқиға туралы Алматы-1 станциясының желілік полиция басқармасына хабарланды. Оқиғаның алдын ала себебі – жәбірленушінің абайсыздығы және теміржолдағы қауіпсіздік ережелерін сақтамауы", — делінген хабарламада.

ҚТЖ өкілдері азаматтарды темір жолдан өту ережелерін қатаң сақтауға, тек арнайы жабдықталған өткелдерді пайдалануға, сондай-ақ темір жол маңында қырағылық пен ұқыптылық танытуға шақырады.

Social Link

Follow Me On Social Media