What are you looking for?

Президент Украина бойынша келіссөз қорытындысын құптайды

19.03.2025

0:00:00

0:00:00

Жаңалықтарды Telegram арнамыздан оқыңыз!

Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путин мен Дональд Трамптың Украина бойынша телефон арқылы келіссөзінің қорытындысын құптайды. Бұл жөнінде Президенттің кеңесшісі, әрі баспасөз хатшысы Руслан Желдібай хабарлады.

«Президент екі елдің көшбасшылары нақты уағдаластықтар негізінде Еуразия кеңістігіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін аса маңызды ұзақмерзімді бейбітшілікке қол жеткізуге ниетті екендерін көрсетті деп санайды. Мемлекет басшысы бұған дейін барлық державаларды Украина бойынша «Бейбітшілік формуласын» әзірлеу мақсатында келіссөздер процесін бастауға шақырып, БРИКС саммитінде Қытай мен Бразилияның бейбітшілік жоспарын қолдаған болатын», — деп жазды Руслан Желдібай телеграм желісіндегі парақшасында.

Самал Қабышева

Social Link

Follow Me On Social Media