0:00:00
0:00:00Жаңалықтарды Telegram арнамыздан оқыңыз!
«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы меншік түріне қарамастан, барлық білім беру ұйымдарына енгізіледі. Бұл туралы оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан арнайы брифингте айтты. Аталған бағдарлама аясында жекеменшік мектептермен жұмыс күшейтілмек. Сондай-ақ «Адал азамат» тұжырымдамасының құндылықтарын ескере отырып, мектептердің бірыңғай дизайн-кодын әзірлеу жоспарланған. Естеріңізде болса, Ұлттық құрылтайдың IV отырысында Мемлекет басшысы бағдарлама атауын «Адал азамат» деп өзгерту туралы ұсыныс айтты. Министрлік өз кезегінде аталған бағдарлама барлық балаларды қамтитын және жалпыұлттық сипаттағы, стратегиялық мәні бар ұзақ мерзімді құжат болады деп отыр. Сондай-ақ сала министрі жаңа оқу жылынан бастап Халықаралық мойындалған KiVa және отандық ғалымдар әзірлеген «Дос болайық» бағдарламалары елдегі барлық мектептерде енгізілетінін айтты.
Еділ Оспан, Оқу-ағарту вице-министрі:
«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы тек қана білім беру ұйымдарындағы ғана емес, барлық мемлекеттік ұйымдардағы тәрбие жұмысына қатысты іс-қимылдың негізіне айналады. Сондықтан оқу-ағарту министрлігі осы жұмыстарды бағдарлама аясында біріздендіруді жүргізуде. Қазіргі уақытта еліміздегі 20 мыңға жуық балабақша, 7000 аса мектеп және 700 аса колледж осы тәрбие бағдарламасын іске асыруда.
Серік Жұмабек