What are you looking for?

Е. Қошанов: Реформалар жай ғана заңды өзгерту емес

19.03.2025

Әкімдерді сайлау азаматтарға шешім қабылдау үдерістеріне әсер етуге нақты тетіктер берді.

Мәжіліс спикері аралас сайлау жүйесі бойынша өткен Парламент сайлауы да қоғамды "оятқанын" атап өтті. Халық жаңа көшбасшыларды іздеп, оларды белсенді түрде ұсына бастады. Ерлан Қошанов Парламенттегі заң шығару процесі түбегейлі өзгеріске ұшырағанына тоқталды. Бұған дейін заң жобаларының басым бөлігі Үкімет тарапынан әзірленіп, ұсынылатын болса, қазір депутаттардың заң шығарушы ретіндегі рөлі айтарлықтай артты. Конституциялық сот та жаңа құқықтық құрылымда басты орынға ие болды. Мәжіліс спикері кейінгі үш жылда жүргізілген реформалар аясында әлеуметтік әділдік қағидаттарын жүзеге асыратын бірқатар маңызды заң қабылданғанын атап өтті. Сондай-ақ Ұлттық құрылтайдың ықпалды қоғамдық-саяси институтқа айналғанын жеткізді. Оның аясында мемлекет басшысы міндеттеген салық реформасы, деструктивті діни ағымдармен күрес, сондай-ақ депутаттардың бастамасымен әзірленген шекаралық аймақтарды дамыту туралы заң жобасы бар.

Ерлан Қошанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы:

- Мемлекет басшысының үш жыл бұрынғы Жолдауы сын қатерлерге берілген кесімді әрі нақты жауап болды. Бұл елдің еңсесін көтерген, рухын оятқан, ұлтымызды ұйыстырған Жолдау. Шын мәнінде жаңа әділетті Қазақстан қол жетпес арман емес. Ол халқымыздың талап-тілегінен, қоғамымыздың сұранысынан туындаған қажеттілік, өмірдің шындығы. Ал реформалар жай ғана заңды өзгерту емес, тұтас мемлекет пен қоғамның болмыс-бітімін жаңғырту, жаңарту.

Social Link

Follow Me On Social Media