What are you looking for?

Әлеуметтік желі арқылы VIP нөмір сатқандар ұсталды

19.03.2025

Астанада әлеуметтік желі арқылы VIP нөмір сатқан алаяқтар ұсталды. Тәртіп сақшылары 19 жастағы қос жігітті қолға түсірді. «Қымбат» нөмір әпереміз деп тұрғындардың сеніміне кірген әккілер ақшасын алып, артынша тайып тұрған.

Олар бұл жымысқы әрекетін TikTok желісінде тікелей эфирде жүзеге асырған. Өздерін ресми тұлғамыз деп таныстырған күдіктілер VIP нөмірлерді Қазақстанның кез келген қаласынан арзан әрі тез әперуге уәде еткен. Полицейлер жас жігіттердің осыған ұқсас 20 жағдайға қатысы барын анықтап, қылмыстық іс қозғады.

Social Link

Follow Me On Social Media