0:00:00
0:00:00Жаңалықтарды Telegram арнамыздан оқыңыз!
Шаһардағы №1 мектептің жанынан өтетін арық толып, су айналаға жайылып кеткен. Облыстық білім басқармасының мәліметінше, мектеп ішіне су кірген жоқ. Алайда, қауіпсіздік мақсатында кешеден бері оқушылар қашықтан оқуға көшірілді. Арық жолындағы бірнеше көшелердегі жер үйлердің ішіне су кіріп, төтенше жағдайлар бөлімі мен қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының мамандары үйлерден суды сору жұмыстарын атқаруда.
Бибінұр Әмірханқызы